Қазақстандық әскерилер Белоруссияда не істеп жүр? Министр жауап берді

29 Тамыз 2023, 12:07 1419

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық әскери қызметкерлердің Беларуссияда соғысып жатқан Украина шекарасына жақын жерде жүргені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Ғаламторда Қазақстан бронетранспортер жіберді деген ақпараттар жалған. Бүгінде барлық техника тұрақты орналастыру пункттерінде. Ол жерге 11 адамнан тұратын жедел топ жіберілді. Осыған сәйкес, біз онымен жұмыс істейтін боламыз, - деді министр Үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, Беларусь – ҰҚШҰ-ға мүше бейбіт мемлекет. Тиісінше, өтетін орын туралы шешім алдын ала қабылданады. Ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сондықтан ғаламтордағы жалған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. 

Бұған дейін қазақстандық әскерилердің ҰҚШҰ бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына қатысу үшін Беларуське келгені хабарланған болатын. Осыдан кейін желіде ол жаққа да техника жөнелтіліп, қазақстандықтар Украина шекарасына дейін барады деген ақпарат пайда болды.

Миражан Махан
Бөлісу: