Қазақстандық аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін Ресейден экстрадициялады

29 Тамыз, 09:54 330

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың маусым айында ол адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 кг-ға жуық героин мен салмағы 10 кг-нан асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті халықаралық іздестіруге жарияланды.

Былтыр тамыз айында ол Мәскеуде ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: