Қазақстандық 500-ден астам кәсіпорын 410 колледжге қолдау көрсетіп келеді

22 Маусым, 02:30 467

Оқу-ағарту министрлігінде отандық кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын 410 колледжге қамқорлық жасап, қамқоршылық және салалық кеңестер арқылы колледждерді басқаруға қатысып келеді. 

104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты. Биыл мақсатты тапсырыс бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тағы 10 мың студент қабылданады, - деді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов. 

Сонымен қатар дуальды оқытуды өңірлерде тарату жалғасуда. Биыл еліміздегі 9 мың кәсіпорында дуальды оқыту аясында 91 мыңнан астам колледж студенті өндірістік тәжірибеден өтуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: