29.01.2024
22:03
1431
Қазақстандық 19 жасар футболшы еуропалық клуб ойыншысы атанды

Қазақстандық 19 жасар футболшы еуропалық клуб ойыншысы атанды

Беларустық «Ислочь» клубы қазақстандық 19 жасар жартылай қорғаушы Мирас Көбеевпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazfootball.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Мирас Көбеев алматылық «Қайрат» клубының түлегі. «Қайрат-Жастар» командасының вице-капитаны болған. Қазақстан бірінші лигасында ол барлығы 40 матч өткізіп, «гол+пас» жүйесі бойынша 2+4 нәтиже көрсеткен.

2021 жылдың күзінде ол УЕФА жастар лигасына қатысты. Сондай-ақ 19 жастағы жартылай қорғаушының Қазақстан кубогында «Қайрат» сапында 3 кездесу өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасында 2 ойын өткізген.

Айта кетейік, Мирас Көбеев өткен жылдың тамыз айынан бері клубсыз жүрген және еркін агент ретінде «Ислочпен» келісімшартқа отырған.

Оқи отырыңыз: