22.11.2025
15:55
456
Қазақстандық 18 жастағы теннисші ITF М15 турнирінің финалына шықты

Қазақстандық 18 жастағы теннисші ITF М15 турнирінің финалына шықты

Әмір Омарханов мансабында алғаш рет Тунисте өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирдің жекелей сында финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жартылай финалда қазақстандық 52 минутта неміс Мик Петковичті (776 АТР) 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Финалда 18 жастағы Әмір тағы бір неміс теннисшісі Макс Шонхаусқа (824 ATР) қарсы ойнайды.

Ақтық ойын ертең 23 қарашада өтеді.