Қазақстандық 167 студентке «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

21 Желтоқсан 2023, 14:30 1224

2023 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Astanatv.kz мәліметі бойынша, республикалық комиссияның шешімімен 167 қазақстандыққа "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалды.

Оның 131-і магистратурада, 4-уі докторантурада оқу және 32-сі тағылымдамадан өту үшін әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндіріс орталықтарына жіберіледі.

Стипендиаттардың 65 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтар мен жаратылыстану ғылымдары бойынша, ал қалған 35 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Сонымен бірге Комиссия отырысында шетелдік жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындау мәселесі де қарастырылды. Комиссия шешіміне сәйкес 481 үміткерге стипендия тағайындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші "Болашақ" халықаралық стипендиясын және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: