Қазақстандағы жалғыз шыны зауытының ахуалы неге мүшкіл? Министр жауап берді

29 Сәуір, 12:53 3704

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Мұрат Ергешбаев Қазақстандағы жалғыз шыны зауытының ахуалына тоқталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қызылордада еліміздегі жалғыз шыны зауыты ашылды. Бірақ та оның қуаттылығы, импортты санамағанда, еліміздің қажеттілігінің ⅓ қамтамасыз етеді. Шыны зауыты металлургия сияқты құрылысы тоқтамай жүреді. Осы өндірістің қуаттылығын арттыру үшін қандай жоспарларыңыз бар? - деп мәжілісмен министрге сауалын жолдады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев электр энергиясы тарифінің өсуі еліміздегі өндіріс орындарына кері әсері тиіп жатқанын айтты.

Өндірістің бағасына, жұмысына әсер еткен факторлардың бірі – энерго тасымалдаушылардың болуы. Біздің монополистердің тарифтік саясаты газ-электро энергиясының артуына әсерін тигізіп жатады. Біз қазір электр энергиясының тарифтерінің бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл мәселені тез арада шеше аламыз ба, әзірге түсініксіз. Бірақ тауарлық газ бойынша өңірде 14,6 теңгені құрайды. Бұл жағынан Қызылорда – озық өңір. Текше метріне 40 мың теңгені құрайды. Расымен, тарифтердің өсуі өндірістердің бәсекелестігін түсіріп, олардың жұмысына әсерін тигізеді. Бұл мәселені біз Энергетика министрлігімен бірге қарастырып, кейін толық ақпарат береміз, - дейді министр.

Миражан Махан
Бөлісу: