Қазақстандағы тұңғыш кәсіби дирижер әйелдің туғанына 80 жыл

18 Шілде, 09:21 569

Қазақстандағы тұңғыш кәсіби дирижер әйел Раиса Садықованың туғанына 80 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, біртуар тұлға Қазақ ұлттық аспаптық оркестрінің әртісі болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болды.

Дирижердің репертуарында симфониялық музыканың жауһарлары, опера және балет спектакльдері, қазақ классикасының інжу-маржандары бар. Ол симфониялық оркестрге ғана емес, «Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестріне және Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестріне де дирижерлік етті. Көптеген жылдар бойы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда педагогикалық қызмет атқарды.

Раиса Садықова Қазақстан тарихына симфониялық оркестрдің алғашқы кәсіби әйел дирижері ретінде енді. Оның шығармашылық қолтаңбасы сирек кездесетін шынайы музыкалық дарынымен,  әртістік қабілетімен, жоғары кәсіпқойлық және ерекге техникасымен ерекшеленді.

Дирижерге ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: