Қазақстандағы еркектердің 15%-ы бедеу – уролог

17 Қараша 2023, 16:00 956

Қазақстандағы еркектердің 15%-ы бедеулікке шалдыққан. Бұл туралы уролог-андролог Нұрлан  Мұқанов Aqarys YouTube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Мұқановтың айтуынша, бедеулікке шалдыққан еркектер көрсеткіші жыл санап артып келеді.

Қазақстанда еркектерде ең көп кездесетін аурулардың бірі ол – бедеулік. Ол жыл санап өсуде.  Сонымен қатар, эректильная дисфункция секілді ауруларға шалдыққандар бар. Оған қоса, төсек қатынасындағы әлсіздік бар. Қабылдауға келген әрбір үшінші еркек төсек қатынасындағы әлсіздікпен ауыратынын айтады, - дейді уролог.

Равиль Ашығали
Бөлісу: