Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі ең жоғары еңбекақы төленетін және ең жиі сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Enbek.kz электронды еңбек биржасының деректері бойынша, қараша айында жұмыс берушілер келесі мамандықтар бойынша ең жоғары бастапқы жалақы ұсынған:
Министрліктің мәліметінше, жалақысы ең жоғары мамандар қатарында:
Қараша айында ең көп сұранысқа ие мамандықтар:
Enbek.kz порталында бір ай ішінде 101 100 жаңа вакансия жарияланған. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 23%-ға төмен. Хабарландырулардың 73%-ы білікті мамандарға арналған.
Сол кезеңде жұмыс іздеушілер 101 300 түйіндеме орналастырған, бұл қазан айымен салыстырғанда 11%-ға аз. Министрлік вакансия мен түйіндеме санының азаюын маусымдық өзгерістермен байланыстырып отыр.
Вакансия жариялау бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңірлер:
Қарашада еңбек нарығындағы барлық ұсыныстың төрттен бір бөлігі осы үш өңірге тиесілі болған.