Қазақстанда жылдық инфляция 13,1 процентті құрады

2 Қыркүйек 2023, 01:07 959

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы тамызда айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұтыну бағаларының индексі бір айда баяулап, 2023 жылғы маусымда 0,5% құрады (ағымдағы жылғы мамырда – 0,6%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар әуе жолаушылар көлігі қызметтері 9,6%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру – 8,8%, санаторийлер қызметтері – 6%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер – 1,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметі – 1,4%, денсаулық сақтау қызметі 0,9% өсті.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында  тіркелсе – 0,9%-дан (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркелген – 0,1%. Тұтыну бағаларының индексі бір айда Шымкент қаласында 100% құрады.

Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Ұлытау облысында – 1,3%, азық-түлік емес тауарлары Астана қаласында – 1,3%, ақылы қызметтер Солтүстік Қазақстан облысында 1,4% өсті.

Айлық инфляция құрылымы:

Ақылы қызметтер – 1,9%

су бұру – 18%

суық су – 13,1%

ыстық су – 7,8%

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,5%

оқушы рюгзагы – 5,9%

балалар киімі – 2,9%

балалар аяқ-киімі – 2,9%

Азық-түлік – 0%

күріш – 2,1%

минералды, ауыз су – 1,4%

консервіленген сүт – 1,1%

жаңа піскен көкөністер – 6,1%

картоп – 4%       

2023 жылғы тамыздағы жылдық инфляция деңгейі 13,1% құрады.

Перизат Саденова
Бөлісу: