Қазақстанда жол апаттары 90%-ға өскен – Берік Асылов

2 Қазан, 12:05 460

Еліміздің бас прокуроры Берік Асылов Қазақстанда жол-көлік апаттарының жиілеп кеткенін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің X-тегі парақшасында жазды.

Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 90%-ға өскен. Көлік апаттарынан қайтыс болғандар саны да артты. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында жағымсыз үрдіс байқалады, - деп жазды Асылов.

Ол осы жайтқа байланысты прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп мәселені шешудің жолдарын тапсырғанын айтты.

Нақты шараларды қабылдай отырып, алдымен ең қауіпті жол учаскелеріне назар аудару қажет, - деп қосты бас прокурор.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: