20.10.2025
12:50
526
Қазақстанда «ЖИ-терапевт» пайда болады

Қазақстанда «ЖИ-терапевт» пайда болады

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2025 жылғы 20 қазанда Сенатта сөйлеген сөзінде денсаулық сақтау саласын цифрландырудың негізгі кезеңі Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйенің іске қосылуы болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жасанды интеллект қолданылатын бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда:

«ЖИ-терапевт» – алдын ала диагноз қоюды автоматтандыратын жүйе;

талдау нәтижелеріндегі ауытқуларды анықтайтын агент;

медициналық қызметтердің негізділігін бақылайтын агент.

Денсаулық сақтау саласындағы цифрлық трансформацияның басты жобасы – Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені енгізу. Ол 90% медициналық ұйым арасында электрондық деректер алмасуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ 85% азамат электронды денсаулық кабинетін қолдана алады, ал телемедицинамен ауылдық жерлердің 70%-ы қамтылады, – деді Жаслан Мәдиев.