Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдардың перспективалы аумақтары табылды

Кеше, 10:25 312

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында Қазақстандағы жерде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлаудың перспективалы учаскелері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол сирек кездесетін металдар саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда жерде сирек кездесетін металдар қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесі учаскесінің болашағы туралы деректер бар, — деді Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, жерде сирек кездесетін металдарды барлауды – Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялар жүргізеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: