Қазақстанда жеке куәліктерді жедел беру құны арзандауы мүмкін

16 Қазан 2023, 10:14 1195

ҚР Ішкі істер министрлігі жеке куәліктерді жедел беру құнын төмендетуді жоспарлап отыр. Министрдің бұйрығына тиісті түзетулер Ашық НҚА порталында орналастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қызмет үшін Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін мынадай құнды белгілеу ұсынылды:

бір жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;

үш жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.

Облыс орталықтары үшін:

үш жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;

бес жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.

Аудандар мен облыстардың қалалары үшін:

жеті жұмыс күніне дейін – 1 116 теңгеден 677,95 теңгеге дейін.

Құжат 30 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: