18.09.2025
20:10
402
Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды

Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Жарлықта инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді ғылым және жоғары білім министрлігіне беру туралы айтылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылады. 

Тоқаев жасанды интеллект министрлігін құру жайлы биылғы жолдауында айтқан болатын.