Қарашада жаңа пәтердің 1 шаршы метрі 491 мың 985 теңге болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қазанмен салыстырғанда 0,7%-ға төмен.
Арзандау әсіресе Алматы, (1,6%), Ақтөбе, (2,8%) және Шымкент (3,4%) қаласында байқалады. Тұрғын үйді жалға алу қымбаттады. Жалпы ел бойынша көрсеткіш 4828 теңгеге жетті. Бұл осыдан бір ай бұрынғымен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары. Пәтер жалдауда ең қымбаты Алматыда, шаршы метрі — 5470 теңге, - делінген хабарламада.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баспана бағасының арзандауы соңғы 7 жылда болмаған.