Биыл еліміздің әр өңірінде бес су қоймасының құрылысы басталмақ, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігі 8 нысанның құжаттары әзірленіп жатқанын хабарлады. Жалпы 11 облыста 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарланып отыр. Жұмыс 2024-2028 жылдар аралығында орындалуға тиіс Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін азайтуы керек.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов құрылыс жұмыстары су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді.