01.09.2023
17:02
1901

Қазақстанда жаңа министрліктер құрылды

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығымен бірқатар министрлік қайта құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар:

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.