18.06.2024
11:19
1336
Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен Кәсіби мерекелердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Еңбек министрлігінің 11 маусымдағы бұйрығына сәйкес тізімге мыналар қосылған мерекелер:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
  • ТКШ саласы қызметкерлерінің күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр;
  • Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
  • Аңшылық жұмысшылар күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Бұйрық 2024 жылғы 17 маусымда күшіне енді.