«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда зейнеткерлер ең көп шоғырланған аймақтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәліметке сәйкес, елімізде қазір шамамен 2,5 миллион зейнеткер бар. Олардың ең көбі Алматы қаласында тұрады. Алып мегаполисте 260 364 зейнеткер тіркелген.
Зейнеткерлер саны бойынша екінші орында Түркістан облысы (206 065 адам), ал үшінші орында Қарағанды облысы (186 093 адам) тұр.
Көшбасшы ондыққа кіретін өңірлердің тізімі:
Мемлекеттік корпорацияның дерегінше, елімізде зейнеткерлердің саны жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Бұл демографиялық үрдіс халықтың қартаю деңгейінің артуымен және өмір сүру ұзақтығының жоғарылауымен байланысты.