Қазақстан Үкіметі зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы және төлемдерді индексациялау үшін шамамен 800 миллиард теңге қарастырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Сенат отырысында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Жұманғариннің айтуынша, бұл шаралар салық реформалары мен инфляциялық қысым жағдайында әлеуметтік осал топтарды қорғауға бағытталған.
Біз зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерге шамамен 800 млрд теңге бөлуді көздеп отырмыз. Бюджет бұл мүмкіндікке ие, сондықтан халық үшін үлкен күйзеліс болмайды деп есептеймін, — деді министр.
Прогрессивті салық шкаласын енгізуге байланысты үкімет 30 АЕК мөлшерінде стандартты шегерім енгізді (2025 жылы шамамен 120 000 теңге). Бұл:
Вице-премьер салық өзгерістеріне дейін-ақ кейбір кәсіпорындардың бағаны көтеріп үлгергенін айтып, мемлекет тарапынан бақылау күшейтілетінін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін зейнетақы мөлшері 120 пайызға дейін өсетіні туралы жазған едік. Сонымен қатар, жеке табыс салығы (ЖТС) есебіндегі стандартты шегерімнің ұлғаюымен байланысты миллиондаған қазақстандықтың жалақысы көтерілетіні туралы жаздық.