Қазақстанда «Яндекс Go» және «Uber» сервистерінен ақау шықты

9 Қараша 2022, 20:21 791

Бұл туралы аталған платформаларды қолданушы қазақстандықтар жазды

Елімізде «Яндекс Go» және «Uber» сервистерінің жұмысынан ақау шықты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Ақау салдарынан такси және жеткізу қызметтері істемеді. Яғни, сервистерді қолданушы ел тұрғындары қосымшаларында «белгісіз қате» және «операцияны аяқтау мүмкін болмады» деген жазулар шыққан.

«Ақау болды, бірақ қосымшалар қазір жұмыс істеп тұр. Егер қосымшалар әлі жұмыс жасамай жатса, онда оны телефоннан өшіріп, қайта жүктеп көріңіз», - деді «Яндекс»-тің Қазақстандағы техникалық қолдау қызметінен.

Кейін Астана уақыты бойынша шамамен сағат 17:10-да сервистердің жұмысы қалпына келтірілді.

Бүгін ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары да елде аталған қосымшалардан ақау байқалғанын хабарлады.

EL.KZ
Бөлісу: