14.05.2025
10:39
1246
Қазақстанда туу көрсеткіші бойынша антирекорд тіркелді

Қазақстанда туу көрсеткіші бойынша антирекорд тіркелді

2025 жылдың қаңтары мен наурыз айлары аралығында елде 77,3 мың сәби дүниеге келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға аз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл көрсеткіш 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері ең төменгі деңгей.

Туу көрсеткішінің төмендеуі елдің барлық өңірінде байқалды. Антирекорд Ақмола облысында (-22%) және Жетісу облысында (-20,1%) тіркелді.

Жалпы туу коэффициенті (әр 1 мың адамға шаққанда) де төмендеді – 15,39, бұл -2,94 көрсеткішке азайғанын білдіреді.

Қайтыс болғандар саны да аздап қысқарып, 31 мың адамды құрады (7,2%-ға төмендеген). Алайда табиғи өсім (туылғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) да 20,7%-ға азайып, 46,3 мың адам болды.