Қазақстанда туристер неше күн болады

10 Тамыз 2023, 02:32 909

eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары Қазақстанда орта есеппен 4 күн өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Көрші елдің туристері Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайды.

Ал Ресейлік туристер 6 күн, Беларусь азаматтары 5 күн, Германия туристері 4 күн болса, Қытай азаматтары елімізде 3,5 күн өткізеді екен.

Оқи отырыңыз:

eQonaq жүйесі – елімізге келген туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. бірнеше маңызды функцияны орындайды. Басты мақсат - туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге 3214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген, - деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Перизат Саденова
Бөлісу: