Қазақстанда тұңғыш рет стенд атудан Азия кубогы өтеді

5 Қыркүйек, 10:41 284

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Жарыстың басты мақсаты - ату спортының танымалдығын арттыру,  спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Айта кетелік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ. 

Олимпиадада Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: