18 қаңтарда республикадағы теле-радиоарналар уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz «Қазтелерадио»-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутник, цифрлық және аналогты эфир желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, - делінген хабарламада.
Мұндай жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.
Тоқсандық жоспарлы-профилактика жұмыстары сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар сапалы теле-радио хабарын тарату үшін қажет, - дейді «Қазтелерадио».