Қазақстанда тек әйелдерге арналған пойыздар көбейді

23 Мамыр, 15:17 356

Елімізде тек қана әйелдер отыратын пойыздар саны артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылы мұндай пойыздар тағы үш бағытта пайда болады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан аса әйел «Әйелдер вагоны» қызметін қолданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. 

Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады:  

№ 354/353 Астана – Семей,
№ 24/23 Актобе – Алматы,
№ 25/26 Алматы – Шымкент.

Қазіргі уақытта 8 бағытта әйелдер вагоны бар: 

№ 77/78 Алматы – Маңғыстау;
№ 351/352 Алматы – Өскемен;
№ 45/46 Павлодар – Түркістан;
№ 37/38 Маңғыстау – Семей;
№ 47/48 Атырау – Астана;
№ 33/34 Ақтөбе – Алматы-1;
№ 4/3 Астана – Алматы-2;
№ 71/72 Астана – Шымкент.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: