Қазақстанда тау-кен салығының ставкалары өзгерді

11 Шілде 2023, 03:18 1183

Еліміздің Қаржы министрлігі тау-кен салығының ставкалары өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 746-бабының 1-тармағына енген түзетулерге сәйкес қатты пайдалы қазбаларға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары ұлғайтылды:

- биржалық металдар бойынша 50%-ға (алтын, күміс, алюминий, мыс, мырыш, уран);

- биржадан тыс жекелеген металдар бойынша (темір/темір рудасы, хром және хром рудасы, марганец және темір-марганец рудасы, платина, ванадий, висмут, мышьяк, вольфрам, палладий, қалайы, никель, титан, магний, кобальт, сурьма) 30%-ға ұлғайтылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қантардағы тау-кен секторының жаңа кен орындарын барлау және игеру үшін қосымша жеңілдіктерді пысықтау қажеттігі туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Салық кодексінің 746-бабының 3-тармағында көзделген шарттарды бір мезгілде сақтай отырып, өнеркәсіптік өндіру басталған сәттен бастап алпыс ай (5 жыл) ішінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша 0 пайыз мөлшерлемесін қолдану көзделген.

Сондай-ақ егер тау-кен секторының кен орны бойынша (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобына, кен орнының бір бөлігіне) рентабельділік деңгейі 5 пайыз және одан аз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес келген кезде, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Салық кодексінде белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларын қолдану құқығы берілді.

Салық кодексінің 745-бабының 6-тармағына минералдық шикізатты сату толық болмаған кезде кен орнында есептен шығарылған қорлар құрамынан алынатындарын (ысыраптарды қайтару) қоспағанда, пайдалы қазбалары бар минералдық шикізаттың құнын айқындау мақсатында өзгерістер енгізілді.

Берік Арманов
Бөлісу: