05.12.2022
15:50
2300
Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі азайды

Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі азайды

Биыл он айда Қазақстанда ақшалай көлемде 259,9 млрд теңгеге табиғи газ өндірілді, бұл 2021 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға аз, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 млн/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 млн/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9%-ға аз.

Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.