Еліміздегі ең қажет деген мамандықтар тізіміне орта мектеп мұғалімдері, бухгалтерлер, күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілер кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1. Бухгалтерлер – 92 мың адам;
2. Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77,8 мың адам;
3. Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 70,2 мың адам;
4. Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 45,2 мың адам;
5. Автокөлік жүргізушілері мен шопырлар – 45,1 мың адам;
6. Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 40 мың адам;
7. Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 37,9 мың адам;
8. Мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер – 36,1 мың адам;
9. Қонақүйлер мен осыған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер – 34,6 мың адам;
10. Бастауыш сынып мұғалімдері – 32,3 мың адам;
11. Кеңселердегі тазалаушылар – 25,3 мың адам;
12. Шаштараздар – 24,6 мың адам;
13. Орта мектеп мұғалімдері – 23,2 мың адам;
14. Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 22,1 мың адам;
15. Көшелер мен базарлардағы саудагерлер – 21,7 мың адам;
16. Ғимараттарды қараушылар және күзетшілер – 20,6 мың адам;
17. Аспаздар – 20,5 мың адам;
18. Басқа біліктілігі жоқ жұмысшылар – 20,2 мың адам;
19. Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,8 мың адам;
20. Дәстүрлі тәсілмен көкөніс өсіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,6 мың адам;
21. Жүк көлігінің жүргізушілері – 17,8 мың адам;
22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар – 16,6 мың адам;
23. Аула сыпырушылар және ашық аумақтарды тазалаушылар – 16,5 мың адам;
24. Жылжымайтын мүлікпен және басқа да мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 16,2 мың адам;
25. Штаттағы заңгерлер – 15,2 мың адам.