Қазақстанда спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионатының финалы өтеді

13 Қыркүйек, 23:50 635

2024 жылы 15 мен 20 қыркүйек аралығында Астанада 2024 ICPC World Finals спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионатының 48-ші финалы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, студенттік бағдарламалау бойынша ең беделді жарыстаралғаш рет Орталық Азияда өткізілмек. 111 ел мен 3000 университет атынан қатысқан 70 000 қатысушылардың ішінен іріктеу кезеңінде Гарвард, Стэнфорд, MIT, Оксфорд, Кембридж және тағы басқа әлемнің беделді университеттерінің 142 командасы финалға шықты.

Қазақстан атынан еліміздің жетекші техникалық жоғары оқуорындарының бес командасы қатысады.

Перизат Саденова
Бөлісу: