Қазақстанда соңғы жылдары интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыс саны 40 есе өсті

15 Мамыр 2023, 09:26 772

Қазақстанда соңғы 5 жылда интернет-алаяқтық қылмыстарының саны 40 есе өсті. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистердің қарқынды дамуы, сондай-ақ азаматтардың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігі жағдайында интернет-алаяқтық кеңінен таралуда. Кейінгі 5 жыл ішінде олардың саны 40 есе өсті. Атап айтқанда 2018 жылы 517-ден 2022 жылы 20,5 мыңға дейін. Мұндай қылмыстар экономикаға ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігіне де орасан зор зиян келтіреді, - делінген құжатта.

Соңғы 5 жыл көлемінде интернет-алаяқтар азаматтарға 22 млрд теңгеден аса залал келтірген.

5 жылда интернет-алаяқтық нәтижесінде келтірілген залал сомасы 22 млрд теңгеден асады. Әйелдер әсіресе осал топ болып табылады және қылмыстың осы түрінен зардап шеккендердің жартысынан көбін құрайды. Оларға қатысты ауыр қылмыстардың 4 есе өсуі интернеттегі алаяқтыққа байланысты. Ұрланған ақша халықаралық аударым сервистері арқылы алынады немесе криптовалютаға аударылады. Фишингтік интернет-ресурстар, сондай-ақ қоңырау шалушының нөмірін өзгертуге, қоңырау шалушының дауысын бұрмалауға мүмкіндік беретін хакерлік бағдарламалар танымал, - делінген министрлік ұсынған ақпаратта.

Равиль Ашығали
Бөлісу: