29.05.2025
12:22
791
Қазақстанда шизофренияны емдеудің жолы бар ма?

Қазақстанда шизофренияны емдеудің жолы бар ма?

Астанада «Стереотиптерсіз психикалық денсаулық: Шизофрения туралы нені білу керек?» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті. 

Іс-шара Дүниежүзілік шизофрения туралы ақпараттандыру күніне орай ұйымдастырылды. 

Дискуссияның модераторы — ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Назым Жанғазы болды.

Шизофрения – созылмалы психикалық дерт, олтуралы қоғамда әлі күнге дейін көптеген жаңсақ пікір мен қорқыныштар бар. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемде шамамен 24 миллион адам шизофрениямен өмір сүреді екен, бұл әрбір 300 адамның бірі, ал ересектер арасында – әрбір 222 адамның бірі(0,45%). Қазақстанда бұл диагнозбен шамамен 40 мың адам өмір сүріп жатыр.

«Gedeon Richter KZ» ЖШС орталық жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған терапия саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдайды. Біз ақпараттандыруды қабылдау мен көмектің алғашқы қадамы деп санаймыз. Ағартушылық жұмыстар жүргізіп, сарапшылар қауымдастығына демеу көрсетеміз, шизофренияға қатысты стереотиптермен күресеміз. Тиімді ем, психоәлеуметтік қолдау және жақындарының қатысуы – пациенттің бейімделуі мен өмір сапасын арттыруда шешуші рөл атқарады, - деді «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының бас директоры Павел Хегай.