19.08.2025
12:22
780
Қазақстанда шілде айында ең көп сатылған көлік түрі анықталды

Қазақстанда шілде айында ең көп сатылған көлік түрі анықталды

«Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО) мәліметінше, 2025 жылдың шілдесінде Қостанайда жасалған Chevrolet көлігі отандық автонарықта ең көп сатылған көлік атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жалпы, шілде айында 20 мыңнан аса жаңа көлік өтіп, 10,6% өсім көрсетсе, бұл маусыммен салыстырғанда 3,9% жоғары нәтиже.

Жаздың екінші айында үздіктер үштігінде өзгеріс байқалды: Chevrolet (4 048 бірл.; былтырғы шілдемен салыстырғанда +70,4%) көш бастап, Hyundai екінші сатыға түсіп қалды (3 713 бірл.; -14,4%). Қола жүлдені әдеттегідей Kia (2 170; +11,9%) еншіледі. Төртінші орын Jetour брендіне (1 321 бірл.; +26,7%) бұйырса, бесінші қатарға Chery (1 138 бірл.; -17%) жайғасты. Одан бөлек тізімге Jac (1 111 бірл.; -5,4%), Haval (1 036 бірл.; +10,2%), Toyota (943 бірл.; +4,1%), Changan (904 бірл.; +35,5%) және Geely (501 бірл.; -28,5%) енді, - делінген мәліметте.

Шілдеде аса танымал болған 10 модель арасында Chevrolet Cobalt (3 417 бірл.), Hyundai Tucson (1 211 бірл.) және Kia Sportage (955 бірл.) алдыңғы орындарды иеленді. Төртінші және бесінші орындарды тиісінше Hyundai Elantra (695) мен 666 данасы өткен Hyundai Mufasa өзара бөлісті. Содан соң Jac S3 (605 бірл.), Haval M6 (528 бірл.), Chevrolet Onix (471 бірл.), Hyundai Santa Fe (468 бірл.) және Chery Tiggo 2 (397 бірл.) тұр.

Жеті ай қорытындысы бойынша Hyundai (27 931 бірл.; +23,7%) оқ бойы озық шықты, одан кейінгі Chevrolet кәдімгідей қалып келеді (17 354 бірл.; +67,7%), үшінші қатарға 13 489 автомобильдің кілтін тапсырған Kia орналасты (+0,2%). Төртінші және бесінші орындарды Jetour (8 563 бірл.; +73,7%) мен Chery (8 453 бірл.; +5,5%) өзара бөліп алды.

6 830 көлігі өткен Haval алтыншы сатыға тұрақтады (+33,7%). 5 909 көлігі өткен Changan жетінші орынға көтерілді (+21,1%), Jac сегізінші (5 838 бірл.; -7,7%), Geely тоғызыншы (5 772 бірл.; +45,9%) орыннан көрінді, ал мықтылар ондығын Toyota (5 502 бірл.; +1,5%) түйіндеді.