Қазақстанда шетелдік алты университеттің филиалы ашылады

4 Маусым 2023, 11:17 696

Қазақстанда шетелдкі алты жоғары оқу орнының филиалы ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы CEENQA Бас Ассамблеясының халықаралық форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

Бұл шешім елімізде жоғары білім берудің сапасын арттырып қана қоймай, озық халықаралық стандарттармен қазіргі білім беру жүйесін өзгертуге мүмкіндік бермек.

Қазірдің өзінде елімізде онға жуық филиал жұмыс істейді. Рейтингтегі ең танымалы Ақтөбедегі ең көне Шотландия технологиялық университеті Heriot-Watt. 21-і күні Ақтаудағы неміс инженерлік институтының ашылуына бармақпыз. Өскемендегі Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Тяньцзинь университеті ашылды. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен серіктестікте жаңа бағдарлама Таразда, одан бөлек, Алматыда Ташкент ирригация инженерлері институтының филиалы ашылды”,- деді Саясат Нұрбек.

Аталған ЖОО-да студенттер коммерциялық та, гранттық негізде де оқуға түсуіне мүмкіндік бар. Бұған дейін Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін бес шетелдік жоғары оқу орнының филиалдарын ашуды тапсырған еді. Соның негізінде былтыр жетекші университеттердің төрт филиалы ашылды. 

Аризона университеті ашылды. Жақында Мемлекет басшысы Атыраудағы Мәскеу инженерлік-физикалық институты мен Британдық Де Монфорт университетінде болды. Бұл бізге не береді? Біз Қазақстанға ірі халықаралық агенттіктерді шақыра отырып, сапа стандарттарын жаңадан құруымыз керек”,- деді министр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: