Қазақстанда шегірткелер бюджеттен 8 млрд теңгені «жеп қойды»

23 Шілде, 12:00 714

Қазақстанда шегірткемен күреске қосымша 3,9 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің сөзіне қарағанда, бұған дейін бөлінген 4,2 миллиард теңге жетпей қалған.

Болашақ егіннің түсімі дер кезінде қабылданған шегірткемен күрес шараларына тікелей байланысты болмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Үкімет резервінен қосымша 3,9 млрд теңге бағытталды. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуге 400-ден астам арнайы техника тартылды, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінгі таңда өңірлердің көпшілігінде бұл жұмыстар сәтті аяқталып, ауқымды жұмыс атқарылған, соның арқасында шегірткенің таралуына жол берілген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: