Қазақстанда шегірткеге қарсы 2 млн га алаң өңделді

2 Шілде, 23:15 454

Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары толығымен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ мәліметінше, премьер-министрднің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Республикалық жедел штабтың кезекті отырысында шегірткеге қарсы күрес бойынша қазіргі жағдай қаралды.

Бүгінгі таңда химиялық өңдеу 2 млн га алқапта жүргізілді, бұл болжаған өңдеу көлемінің 77,4%-ын құрайды. Абай, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында итальялық прусқа қарсы өңдеу аяқталды. Ақмола және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде жұмыс басталады.

Өткен аптада нөсер жауын мен қатты желге байланысты Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг пен химиялық өңдеу тоқтатылған болатын. Жұмыс сәрсенбі-бейсенбі күндері басталады. Өңірлер пестицидтермен қамтамасыз етілген, қажет болған жағдайда қосымша техника жіберіледі, - делінген мәліметте.

Ақтөбе облысындағы РФ-мен бүкіл шекара маңы аумағы өңделді. Тексеру басқа өңірлердің шекарасында жүргізіледі. 1 шілдеде Серік Жұманғариннің РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Патрушевпен телефон арқылы сөйлесуі кезінде ресей тарапынан Қазақстанмен шекаралас аумақтарды өңдеу аяқталғаны белгілі болды.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин өңірлердің әкімдіктеріне жағдай толық тұрақталғанға дейін жұмыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Зарина Арман
Бөлісу: