Қазақстанда Қытайдың 3500-ге жуық жұмысшысы істейді

28 Сәуір 2023, 12:00 855

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейтіні анықталды. Ең көбі - Қытайдан келгендер, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 417 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 584 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 028 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетел жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 186 және 881 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 302 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 437 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 693 жұмыс беруші бар. Оларда 407,9 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 262 адам (37,3%); тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 441 адам (10%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 143 адам (8%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ); өңдеу өнеркәсібі –  883 адам (7%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 493  адам (25%), Түркия – 1 523 адам (11%), Үндістан – 1 722 адам (12%), Өзбекстан – 1461 адам (9,3%).

Алмас Абылай
Бөлісу: