Соңғы уақытта Қазақстанда Қытайда шығарылған автокөліктер көбейіп келеді. Бұл заңды да, себебі қытайлық брендтер қолжетімді бағада тәп-тәуір жабдықталған көлік ұсынады. Дегенмен темір тұлпарға алғаш рет күрделі жөндеу немесе жоспарлы техникалық қызмет қажет болғанда мәселе қалай шешіледі? Неліктен автосервистер үшін мұндай көліктер нағыз сынақ саналады? Бұл туралы finratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
«Автовзгляд» басылымы ресейлік механиктер де қытай көліктеріне келгенде басын шұлғып қалатынын жазды, бірақ бұл жағдай Қазақстанда да өзекті. Оның үстіне жөндеуді қажет ететін қытай көліктерінің саны артқан көрінеді. Алайда оларды қарапайым жөндеудің өзін күрделі тапсырмаға айналып отыр.
Мәселенің ауқымын түсіну үшін сандарға көз жүгіртейік. Қытай брендтерінің Қазақстан нарығындағы үлесі өте жылдам ұлғайтып келеді.
Қазақстан Автомобиль одағының (ҚАО) дерегінше, 2024 жылы елімізде 73 704 қытай көлігі сатылған, бұл жалпы нарықтың 36%-ын құрады.
2025 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 39%-ға дейін жеткен.
2025 жылдың алғашқы тоқсанында (қаңтар-наурыз) елімізде 46 800 жаңа көлік сатылды. Chery, Geely, Jac, Jetour секілді қытай брендтері ең көп сатылатын маркалардың ондығына кіріп отыр. Jetour тоқсан қорытындысы бойынша ең көп сатылған қытай көлігі атанды.
2025 жылдың алғашқы төрт айында ресми дилерлер 66 090 көлік сатқан, ал Chery мен Jetour сатылым көшін бастап тұр.
Бұл сандар Қытай көліктерінің Қазақстан нарығын жаулап жатқанын аңғартады. Демек оларды техникалық қызмет көрсету мен жөндеу мәселесі де барған сайын өзекті бола бермек.
Негізгі түйткіл - қытайлық көліктердің конструкциялық шешімдері мен техникалық құжаттамасы. Олар еуропалық немесе жапониялық стандарттарға сәйкес келмейді. Мысалы, қарапайым тежеуіш колодкаларын ауыстыру үшін VIN-код арқылы қажетті бөлшекті анықтау мүмкін емес.
Механиктерге көлік үлгісіне, шыққан жылына, тіпті айына қарап бөлшектерді қолмен таңдауына тура келеді. Бұл - шындық. Бір ғана модельдің ішінде әртүрлі тежеуіш дискілері мен колодкалар орнатылуы мүмкін. Ресми құжаттамада артикул болмағандықтан, жеткізушілер өздерінің бейресми каталогтарын құруға мәжбүр.
Сөйтіп қытай көлігін жөндеу механиктен тәжірибені ғана емес, тапқырлықты да талап ететін нағыз тапсырмаға айналып отыр.
Қазақстан жолдарындағы қытай көліктерінің саны артқан сайын, олардың жүріс ұзақтығы да ұлғаяды. Бұл - автосервистер үшін жаңа қиындықтардың бастамасы.
Сарапшылар көлік иелеріне мынадай кеңес береді:
Тым болмаса, негізгі шығын бөлшектерінің кодтарын алдын ала анықтап, жазып алу.
Бұл уақытты үнемдеуге, артық шығыннан сақтауға көмектеседі.
Қытай көліктерінің иелері мен механиктер олардың ерекшеліктерін әлі де зерттеп, үйреніп жатыр. Сол себепті, мұндай көлікті сатып аларда жөндеу кезінде стандартты емес жағдайлар мен уақыт шығыны болуы мүмкін екенін білген жөн.
Бұған дейін 2025 жылы ең қауіпсіз көліктер тізімі жасалғаны туралы жазғанбыз. Сонымен қатар Қазақстанда ең аз сатылатын көліктер тізімі жасалған.