Қазақстанда қоқыс шығару тарифі қымбаттады

14 Қараша 2022, 18:43 1741

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті

2022 жылдың қазан айында Қазақстан бойынша қоқыс шығару қызметі үшін орташа тариф 322 теңгені (бір адамға) құрады. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда тариф 13,6%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды El.kz

Бұл қызметтің құны өңірлер арасында 94-553 теңге аралығында. Мәселен, қоқысты шығару үшін Алматы қаласының тұрғындары 553 тг төлейді, тариф сондай-ақ Семей қаласында қымбат – 470 тг, үштікті Қостанай қаласы қорытындылайды – 401 тг.

Қоқысты шығару қызметі үшін ең төменгі тариф Тараз қаласында тіркелген – 94 тг.

EL.KZ
Бөлісу: