Қазақстанда қазақ тілін меңгеру жөніндегі стандарттар жақсарады

19 Сәуір 2023, 13:48 1290

Бүгінгі таңда тілді оқытудың 6 деңгейі жұмыс істейді, ал алған білімдерін бағалау еуропалық стандарттар деңгейіне сәйкестікке келтірілген. Бұл туралы ҚазСтандартқа сілтеме жасай отырып El.kz хабарлайды.

Биыл мына ұлттық стандарттарды қайта қарау жоспарланып отыр:

- ҚР СТ «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру»;

- ҚР СТ «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері.  Базалық деңгей. Жалпы меңгеру»;

- ҚР СТ «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері.  Орта деңгей. Жалпы меңгеру»;

- ҚР СТ «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;

- ҚР СТ «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;

Ұлттық стандарттар тіл үйренуші адамның қазақ тілін қай деңгейде меңгергенін және оның коммуникативтік-тілдік құзыреттілігінің қандай дәрежеде қалыптасқанын анықтауға және бағалауға толық мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді ҚазСтандартта.

Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ететін дәйекті тіл саясаты мен тіл құрылымының негізгі мақсаттарының бірі ретінде мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіруге және стандарттауға ерекше назар аударылатын болады.

Ұлттық стандарттардың мазмұны қазақ тілінің табиғи, лингвомәдени және стандартты заңдылықтары мен ерекшеліктерін (күнделікті-тұрмыстық сөйлеуден ресми-іскерлік, көркем-әдеби стильге дейін) қамтиды және деңгейлер мазмұны мен тілді меңгеруге қойылатын талаптарға байланысты әдіснамалық ғылымның теориясы мен практикасы негізінде топтастырылған, - делінген мәліметте.

Әзірленіп жатқан стандарттардың жобалары жария талқылау үшін ҚазСтандарттың ресми сайтында орналастырылатын болады. Осылайша, Қазақстанның барлық мүдделі тұлғаларын осы тақырып бойынша, сондай-ақ басқа да ұлттық стандарттарды әзірлеу процесіне қатысуға шақырады.

EL.KZ
Бөлісу: