Қазақстанда қазақ-қытай ғылыми-білім беру орталығы ашылады

4 Шілде, 02:08 577

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды стратегиялық құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР АШМ мәліметінше, Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (Янлинь қ., Қытай), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қ., Қазақстан), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл қ., Қазақстан) және Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университет (Семей қ., Қазақстан) арасында Қытай-Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-білім беру орталығын құру туралы келісім жасалды.

Ынтымақтастық аясында тараптар әріптестік стратегияларының кең ауқымын пайдалануға, шетелдік бірлескен және қос дипломдық оқу бағдарламаларын әзірлеуде, ғылыми жобаларды қаржыландыруда және жүргізуде күш біріктіруге келісті, - делінген мәліметте.

Жаңа оқу орталығы аграрлық сала ғалымдарының тәжірибе алмасу және асыл тұқымды салада ортақ жобаларды әзірлеу алаңына айналады деп күтілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: