02.08.2023
02:26
1560
Қазақстанда қант пен картоп арзандады

Қазақстанда қант пен картоп арзандады

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, 2023 жылғы шілдедегі жылдық инфляция деңгейі 14 пайызға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы тұста азық-түлік тауарлары 13,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 15%-ға, ақылы қызметтер 13,6%-ға қымбаттады.

Мәселен, 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда:

  • кеңсе тауарлары - 64,4%-ға;
  • күріш – 44,3%-ға;
  • қантсыз қоюландырылған сүт – 42,4%-ға;
  • күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%-ға;
  • ыдыс жууға арналған құралдар – 37,4%-ға;
  • кір сабын – 35,9%-ға;
  • қырыққабат – 27,5%-ға;
  • тосап, джем - 25,9%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ жылдық мәнде:

  • қант – 17,4%-ға;
  • қарақұмық жармасы – 10,5%-ға;
  • күнбағыс майы – 4,7%-ға;
  • қызылша – 6,1%-ға;
  • сәбіз – 3,4%-ға;
  • картоп - 1,3%-ға арзандады.

Бұдан бөлек өткен айда:

  • дыбыс-бейне шолу (теледидиар, ноутбук, фотоаппарат және т.б.) жабдықтары – 9,6%-ға,
  • тұрмыстық құралдар – 1,2%-ға;
  • ыдыс – 1,1%-ға;
  • спорт, туризм және демалуға арналған жабдықтар – 0,9%-ға;
  • тоқыма бұйымдары, жеке қолданатын тауарлар - 0,8%-ға;
  • баллондағы сұйытылған газ – 6,2%-ға,
  • АИ-95/96 маркалы бензин – 4,5%-ға, АИ-98 бензин – 3,6%-ға қымбаттады.