25.12.2024
10:34
781
Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан аумағында 13 743 шетел азаматы еңбек етеді (1 желтоқсандағы жағдай бойынша), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытай – 4 881 адам

Өзбекстан – 1 273 адам

Түркия – 1 203 адам

Үндістан – 1 095 адам.

Олардың басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етеді - 5 390 адам. Өңдеу өнеркәсібінде – 1 455 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 355 адам, әкімшілік және көмекші қызмет – 1 305 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 237 адам.