Қазақстанда қанша демалыс және ойын-сауық саябақтары бар?

30 Маусым 2023, 16:41 1618

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2023 жылдың 1 қаңтарындағы дерегіне сәйкес, Қазақстанда 208 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz.

Оның 32,7 пайызы – мемлекеттік меншікте, ал қалғаны 67,3 пайызы – жекеменшік. Ойын-сауық саябақтарының 19,2 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.

Еліміз бойынша демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көбісі Түркістан облысында, Астана мен Алматы қаласында. Түркістан облысында – 27, Астана қаласында – 22, сондай-ақ Алматыда – 20 саябақ бар. Ал ең аз саябақ Жетісу облысында. Онда небәрі 1 саябақ қана орналасқан.

Ойын-сауық және демалыс саябақтарының жалпы ауданы 184,6 мың гектарды құрайды. Онда барлығы 3 848 ойын-сауық нысаны бар. Атап айтқанда, аттракциондар – 1465, ойын автоматтары – 1642 , басқа түрлері – 741.

Айта кетейік, өткен жылы демалыс орындарына 14,2 миллион адам барған.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: