Қазақстанда қанша адам жұмыспен қамтылған?

17 Мамыр 2023, 12:11 1380

Елімізде 9 миллион адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Finprom.kz сайтының мәлімдеуінше, еліміздегі қызметкерлердің 94,5 пайызы бір жерде жұмыс істейді. Ал 4,2 пайызы негізгі жұмыста, жеке кәсіп және қосымша жұмыста болса, тағы 1,3 пайызы негізгі және қосымша түрде еңбек етеді.

Елімізде 4 миллион адамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, 4,4 миллион адамның техникалық және кәсіптік білімі, 582,6 мың адамның бастауыш, негізгі, жалпы орта білімі бар.

Жұмыспен қамтылғандардың 6,8 миллион адам жалдамалы қызметкер, 1,6 миллион адам жеке кәсіпкер, 498,1 мың адам тәуелсіз қызметкер, 19,8 мың адам жеке практикамен айналысатын адамдар, 5,8 мың адам шаруашылық серіктестіктер (қатысушылары) және акционерлік қоғамдық ұйымның құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Ал өңірлер бойынша ең көп жұмыспен қамтылғандар Алматыда – 1 миллион адам, ол өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артқан.

Түркістан облысында 793,8 мың адам, жылына 2,1 пайыз және Алматы облысында 677,9 мың адам қызмет етеді. Ең аз жұмыспен қамтылғандар Ұлытау облысында – 101,7 мың адам, СҚО-да 277,2 мың адам және Абай облысында 287,1 мың адам жұмыс істейді.

Сондай-ақ халық жұмыспен жақсы қамтылған негізгі үш салаға білім, ауыл, орман және балық шаруашылығы жатады. Ал, керісінше, сұраныс азайған қызмет салаларына сумен жабдықтау, өнер, ойын-сауық және демалыс секторы, электрмен жабдықтау кіреді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: