Қазақстанда қанша адам алкогольге тәуелді

31 Мамыр 2023, 16:34 671

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Қазақстанда 91 мың адам алкогольге тәуелді екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен динамикалық бақылауда 109 мың адам, оның ішінде есірткі мен психотроптық заттарға тәуелді 18 мың адам және алкогольге тәуелді 91 мың адам бар, - деді Дудник.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, синтетикалық есірткіге тәуелділік артып келеді, оны қолданатындардың басым бөлігі 24-тен 30 жасқа дейін.

Психикалық ауытқушылығы бар адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін 20 психикалық денсаулық орталығы жұмыс істейді. І тоқсанда 16 мың пациент стационарлық емдеуден өтті, оның ішінде 7 мың пациент психоактивті заттарды қолданған, - деді вице-министр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: