Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы өскен

16 Мамыр 2023, 12:53 1859

2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша теміржол тасымалының құны бір жылда 26,9% өскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Finprom.kz есебі бойынша:

қала маңындағы пойыздар – 25%;

республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында – 28,2%,

республикаішілік пойыздың купе вагонында баға 27,5% қымбаттаған.

Сондай-ақ өңірлік бөліністе бағаның ең көп өсуі Шымкентте тіркелді: жылына бірден 73,8%.

Бұдан кейін Жетісу (плюс 46,8%) және Қызылорда (плюс 39,6%) облыстары тұр.

Бағаның ең аз өсуі Шығыс Қазақстан (плюс 4,5%), Ақтөбе (плюс 10,4%) облыстарында және Алматыда (плюс 12,7%) байқалды, – делінген сарапшылардың хабарламасында.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: