Қазақстанда өзге ел азаматтары тұрақты тіркеусіз қанша уақыт жүре алады?

11 Қаңтар 2023, 15:10 1428

Бұл туралы Көші-қон қызметі комитеті мәлім етті

Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Шартқа сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары тараптардың аумақтарында уақытша есепке қойылмай 90 тәулік бойы бола алатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Белгіленген мерзімнен артық болған жағдайда, ол аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша тұруға рұқсатты (УТР) мынадай мақсаттардың бірі бойынша ресімдеу қажет: отбасын біріктіру, жұмыс, оқу, емдеу, миссионерлік, бизнес-иммигранттар.

Қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы жіберетін хабарлама шетелдіктің Қазақстан Республикасында уақытша тұруына рұқсат беретін құжат болып табылмайтынын және тек хабарлама сипатында болатынын қосымша хабарлаймыз.  

УТР ресімдеу мәселелері бойынша қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғалар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.

 

 

EL.KZ
Бөлісу: